Үржар аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
I-ТОҚСАН
- Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің атқарылуы туралы.
Н.Чакинов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Үржар ауданы ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы
Ауылдық округтердің әкімдері
2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы.
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды.
Аудандық мәслихаттың депутаты
- Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету барысы және ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының барысы туралы.
Е.Болатов – аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
- Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің атқарған жұмыстары туралы
Қ.Мәденов
- Әр түрлі мәселелер.
II-ТОҚСАН
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауының есебі туралы.
А.Башимбаев - Үржар ауданының әкімі
- Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының салық кодексі талаптарына сәйкес салық және бюджетке міндетті төлемдердің орындалуының барысы туралы
Е.Жумалилов- Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
- Үржар ауданында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы туралы
Л.Дуйсенова - Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
- Ауыл шаруашылығы, еңбек, сауданы дамыту, өндіріс, кәсіпкерлік, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер, байланыс және экология жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы
А.Абайбеков - тұрақты комиссия төрағасы.
- Әр түрлі мәселелер.
III-ТОҚСАН
- Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінде жылу маусымына дайындықтың барысы туралы.
С.Тлемесов - аудан әкімінің орынбасары
- Ауданда бойынша білім бөлімі саласындағы атқарылған жұмыстарының барысы туралы.
Ұ.Мұсағалин – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
- Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы.
С.Маусымбаев – сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
- Егінсу, Елтай, Жаңа Тілек, Көлденең ауылдық округтері бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы
Ауылдық округтердің әкімдері
- Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, депутаттық өкілеттік және этикасы, салық, заңдылық, денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы
Ж.Акласова - тұрақты комиссия төрағасы.
- Әр түрлі мәселелер
IV-ТОҚСАН
- 2027-2029 жылдарға арналған Үржар ауданының бюжеті туралы.
Н.Чакинов – экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы.
- 2027-2029 жылдарға арналған Үржар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
Ауылдық округтердің әкімдері
- Үржар ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы
Е.Сейльгазин
- Үржар ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы
Д.Әмірбаева – аудан әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
- Көкөзек, Салқынбел, Шолпан ауылдық округтері бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы
Ауылдық округтердің әкімдері
- Үржар аудандық мәслихаттың 2026 жылғы жұмысының қортындылары туралы.
А.Омаров - Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
- Әр түрлі мәселелер.