Үржар аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясы

 

№23-439/VIII шешім

25.02.2025 ж.

 

 

 

VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың 

 кезектен тыс 23-сессиясын шақыру туралы

 

        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10, 19 баптарын басшылыққа алып, Үржар аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясы 2025 жылдың 28 ақпанында сағат 10.00-де шақырылсын.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №21-401/VIII «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Әр түрлі мәселелер.

        Үржар аудандық мәслихаттың интернет сайтындағы ресми парақшасы арқылы  кезектен тыс 23-сессияның өтетін күні мен уақыты хабарлансын.                         

          

 

      Үржар аудандық

      мәслихатының төрағасы                                                    А.Омаров                             

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-440/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

VIII-шақырылған  Үржар аудандық

мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясының

күн тәртібі туралы

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 19 бабының 3 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:    

        Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №21-401/VIII «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Әр түрлі мәселелер:

     1) Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;

       2) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

       3) Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы;

       4) Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы;

       5) Үржар  аудандық   мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №21-406/VIII  «Аудандық мәслихат аппаратының 2025 жылға құрылымы мен штаттық кестесі туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу  туралы;

       6) Үржар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі №13-143-IV

«Үржар аудандық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

       7) Үржар аудандық мәслихатының кезектен тыс 23-сессиясындағы үзіліс туралы;

       8) Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 

 

 

       9) Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылының көшелерін қайта атау туралы. 

 

 

        Үржар аудандық

        мәслихатының төрағасы                                                        А.Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-441/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

«Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 21-401/VIII «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ :

  1. Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған  бюджеті  тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1 тармак жаңа редакцияда жазылсын:

1) кірістер – 7 726 937,9 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 480 877,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –33 297,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 400,0 мың теңге;

трансферттер түсімі –  5 204 363,9 мың теңге;

2) шығындар – 7 760 832,2  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 50 212,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер –86 504,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 36 292,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет  тапшылығы  (профициті) –  - 84 106,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 84 106,3 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 86 504,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 36 292,0 мың теңге;

бюджет каражатының пайдаланылатын қалдықтары – 33 894,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнін 1 және 4 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 косымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  А.Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-442/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы 14-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар)».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                           

 

 

Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

 

А. Омаров

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 07.03.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 427-18 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - руководитель отдела по правовым вопросам Бахыт Абдешевна Абдулина, 26.02.2025 11:19:07, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - Председатель Урджарского районного маслихата Аскар Серикжанович Омаров, 28.02.2025 12:34:15, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-443/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы

№ 53-656/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын

және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы                                     24 маусымдағы № 53-656/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7281 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен                    2025 жылы 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш, 2026 жылы 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                    

 

 

Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

 

А. Омаров

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 06.03.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 426-18 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - руководитель отдела по правовым вопросам Бахыт Абдешевна Абдулина, 26.02.2025 11:18:18, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - Председатель Урджарского районного маслихата Аскар Серикжанович Омаров, 28.02.2025 12:33:38, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

№23-444/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы

құқық бұзушылық профилактикасы

жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

құрамын бекіту туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2025 жылғы 26 ақпандағы №01/239 ұсынысын ескере келе, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:

Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев   - Абай облысы Үржар ауданының әкімі,

                                                                комиссияның төрағасы;

Ролан Оразғалиұлы Оразғалиев        - Абай облысы Үржар аудандық полиция

                                                                бөлімінің бастығы (келісімі бойынша),   

                                                                комиссия төрағасының орынбасары.

                                             Комиссия мүшелері:

Бақытжан Әбдімажитұлы                  - Абай облысы Үржар ауданының

 Мәмбетов                                               прокуроры (келісімі бойынша);

 Досан Әділұлы Наурызбаев              -  ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай

                                                                  облысы бойынша департаменті Үржар

                                                                  ауданы бөлімінің бастығы (келісімі

                                                                  бойынша);

Дәурен Қадырбекұлы Зурманов        - Үржар ауданының Қорғаныс істері

                                                                 жөніндегі бөлімінің бастығы (келісімі           

                                                                 бойынша);

Әсет Асхатұлы Баймурзаев                - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің

                                                                 орынбасары;

Серік Нәсіпқазыұлы Тлемесов           - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің

                                                                 орынбасары;

Анет Біржанұлы Тұрлыбеков             - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің

                                                                 орынбасары;

Асқар Ғалымұлы Тулендин                - Абай облысы Үржар ауданы әкімі

                                                               аппаратының  басшысы;

Динара Жиениқызы Әмірбаева        - Абай облысы Үржар ауданы әкімі    

                                                               аппаратының заңгерлік және  

                                                               мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

Баубек Шайзадаұлы                          - Абай облысы денсаулық сақтау   

Абылқасымов                                       басқармасының  «Үржар көпсалалы  

                                                               аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 

                                                               бас дәрігері (келісімі бойынша);

Бауыржан Дүйсенғалиұлы               - Абай облысы Үржар ауданының     

Амиргалинов                                        ішкі саясат бөлімі басшысының

                                                               міндетін атқарушы;

Ержан Тұрсынғазыұлы Шакеев       - Абай облысы Үржар ауданы бойынша

                                                               білім бөлімінің басшысы (келісімі

                                                               бойынша);

Ұлан Берікболұлы Мұсағалин        - Абай облысы Үржар аудандық дене

                                                              шынықтыру және спорт бөлімінің

                                                              басшысы;

Лайла Тұрсынханқызы Дүйсенова - Абай облысы Үржар ауданының

                                                              жұмыспен қамту және әлеуметтік

                                                              бағдарламалар бөлімінің басшысы;

Маман Қайырханұлы Еженхан       - Абай облысы Үржар ауданының  тұрғын  

                                                              үй-коммуналдық шаруашылығы,

                                                              жолаушылар көлігі және автомобиль

                                                              жолдары бөлімінің басшысы;

Нұрлан Рахымғазыұлы Чакинов     - Абай облысы Үржар ауданының

                                                              экономика және қаржы бөлімінің

                                                              басшысы. 

  1. Үржар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын:

      1) 2022 жылғы 18 қарашадағы № 20-330/VII «Абай облысы Үржар ауданының құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешім;

      2) 2023 жылғы 11 сәуірдегі №1-20/VIII «Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №20-330/VI «Абай облысы Үржар ауданының құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім;

        3) 2023 жылғы 14 тамыздағы №4-103/VIII «Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №20-330/VI «Абай облысы Үржар ауданының құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім.

           3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Үржар аудандық

      мәслихатының төрағасы                                                        А.Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-445/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

құрамын бекіту туралы

 

        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2025 жылғы 26 ақпандағы №01/240 ұсынысын ескере келе, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:

Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев  - Абай облысы Үржар ауданының әкімі,

                                                               комиссияның төрағасы;

Бақытжан Әбдімажитұлы                 - Абай облысы Үржар ауданының

 Мәмбетов                                              прокуроры (келісімі бойынша);

                                                               комиссия төрағасының орынбасары.

                                             Комиссия мүшелері:

Ролан Оразғалиұлы Оразғалиев       - Абай облысы Үржар ауданының полиция

                                                               бөлімінің бастығы (келісімі бойынша),   

Досан Әділұлы Наурызбаев             - ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай

                                                               облысы бойынша департаменті Үржар

                                                               ауданы бөлімінің бастығы (келісімі

                                                               бойынша);

Әсет Асхатұлы Баймурзаев              - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің

                                                               орынбасары;

Серік Нәсіпқазыұлы Тлемесов         - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің

                                                               орынбасары;

Анет Біржанұлы Тұрлыбеков           - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің

                                                               орынбасары;

Асқар Ғалымұлы Тулендин              - Абай облысы Үржар ауданы әкімі

                                                             аппаратының  басшысы;

Динара Жиениқызы Әмірбаева       - Абай облысы Үржар ауданы әкімі    

                                                               аппаратының заңгерлік және  

                                                               мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

Бауыржан Дүйсенғалиұлы               - Абай облысы Үржар ауданының     

Амиргалинов                                       ішкі саясат бөлімі басшысының

                                                              міндетін атқарушы;

Ержан Тұрсынғазыұлы Шакеев      - Абай облысы Үржар ауданы бойынша

                                                              білім бөлімінің басшысы (келісімі

                                                              бойынша);

 

 

Ұлан Берікболұлы Мұсағалин        - Абай облысы Үржар аудандық дене

                                                              шынықтыру және спорт бөлімінің

                                                              басшысы;

Лайла Тұрсынханқызы Дүйсенова - Абай облысы Үржар ауданының

                                                              жұмыспен қамту және әлеуметтік

                                                              бағдарламалар бөлімінің басшысы;

Маман Қайырханұлы Еженхан       - Абай облысы Үржар ауданының  тұрғын  

                                                              үй-коммуналдық шаруашылық

                                                              жолаушылар көлігі және автомобиль

                                                              жолдары бөлімінің басшысы;

Нұрлан Рахымғазыұлы Чакинов     - Абай облысы Үржар ауданының

                                                              экономика және қаржы бөлімінің

                                                              басшысы. 

          3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

   Үржар аудандық

   мәслихатының төрағасы                                                         А.Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-446/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы

24 желтоқсандағы №21-406/VIII «Үржар

аудандық мәслихат аппаратының 2025 жылға

құрылымы мен штаттық кестесі туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 8, 19, 25  баптарына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты   ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 2025 жылға арналған құрылымы мен  штаттық  кестесіне  енгізілген  өзгерістер № 1, 2 қосымшаларға   сәйкес  бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енгізіледі.

    

                                                                   

    Үржар аудандық

    мәслихатының төрағасы                                                      А.Омаров  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үржар аудандық мәслихаттың

2025 жылғы 28 ақпандағы 

                                                                                                        №23-446/VIII шешіміне

                                     №1 қосымша

 

 

Үржар аудандық мәслихат аппаратының 2025 жылғы

 ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 

Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

     Аудандық мәслихаттың

2025 жылғы 28 ақпандағы

                                                                                     №23-446/VIII шешіміне

№ 2 қосымша

 

 

Үржар аудандық мәслихат аппаратының

2025 жылға штаттық кестесі (наурыз  айынан  бастап)

 

Лауазым

санаты

Лауазымның

атауы

Лауазымдық     жалақысы

(теңгеде)

Штаттың бірлік саны

Депутат

Аудандық мәслихаттың

төрағасы  

 

1

 

Барлығы

 

1

 

Е-2

Аудандық   мәслихат

аппаратының   басшысы

 

1

Е-3

Ұйымдастыру-кадр  мәселелері жөніндегі 

бөлім басшысы

 

1

Е-4

Құқық мәселесі бойынша бас маман

 

1

Е-4

Бас маман

 

1

Е-4

Бас маман

 

1

 

Барлығы

 

5

 

С-2

D

Инспектор

Компьютерлік техника

операторы

 

1

0,5

D

IT - маманы

 

0,5

С-2

Қоғамдық кеңестің

хатшысы

 

1

 

Барлығы

 

3

 

4-R

Көлік жүргізуші

 

1

2-R

Еден жуушы

 

1

 

Барлығы

 

2

 

 

Барлығы:

 

11

 

 

 

 

 

 

№23-447/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

Үржар аудандық мәслихатының

2009 жылғы 22 шілдедегі №13-143-IV

«Үржар аудандық бюджеттік

комиссиясының құрамы туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес және Үржар ауданы әкімінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №01/238 ұсынысын ескере келе, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихаттың «Үржар аудандық бюджеттік комиссияның құрамы туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі №13-143-IV шешіміне («Аудандық мәслихаттың  2011 жылғы 20 маусымдағы №29-310-IV, 2011 жылғы 26 тамыздағы №30-323-IV, 2011 жылғы 10 қазандағы №31-335-IV», 2012 жылғы 5 наурыздағы №2-14-V, 2013 жылғы 15 шілдедегі №17-158/V, 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-216/V, 2014 жылғы 15 сәуірдегі №24-260/V,  2014  жылғы  23  шілдедегі №25-290/V, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №28-332/V, 2016 жылғы 9 маусымдағы №3-30/VI, 2017 жылғы 16 қазандағы №19-193/VI, 2017 жылғы 30 қарашадағы №21-205/VI, 2018 жылғы 12 наурыздағы №24-244/VI, 2018 жылғы 19 маусымдағы №28-291/VI, 2019 жылғы 25 сәуірдегі №40-447/VI, 2019 жылғы 3 шілдедегі №43-476/VI, 2019 жылғы 28 қарашадағы №46-521/VI, 2020 жылғы 12 наурыздағы №50-613/VI, 2022 жылғы 20 сәуірдегі №15-259/VII, 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №22-399/VII, 2023 жылғы 11 сәуірдегі №1-18/VIII, 2023 жылғы 14 тамыздағы №4-102/VIII, 2024 жылғы 18 наурыздағы №13-245/VIII, 2024 жылғы 10 шілдедегі №15-302/VIII, 2024 жылғы 25 қарашадағы №20-385/VIII, 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №21-429/VIII шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере келе) келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген «Үржар аудандық бюджеттік комиссиясының»  құрамына енгізілсін:

Еркін Жұмақанұлы Жұмаділов     - Үржар ауданы бойынша мемлекеттік

                                                             кірістер басқармасының басшысы (келісімі

                                                             бойынша).  

  1. Үржар аудандық бюджеттік комиссиясы келесі құрамда бекітілсін:

Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев - комиссия төрағасы, Үржар ауданының

                                                              әкімі;

Анет Біржанұлы Тұрлыбеков         - комиссия төрағасының орынбасары,

                                                             Үржар ауданы әкімінің орынбасары;                                                          

Нұрлан Рахымғазыұлы Чакинов    - комиссия хатшысы, Үржар аудандық

                                                             экономика және қаржы бөлімінің басшысы

 

 

Комиссия мүшелері:

Серік Нәсіпқазыұлы Тлемесов       - Үржар ауданы әкімінің орынбасары;

Әсет Асхатұлы Баймурзаев            - Үржар ауданы әкімінің орынбасары;

Асқар Серікжанұлы Омаров           - Үржар аудандық мәслихатының

                                                              төрағасы (келісімі бойынша);

Асқар Ғалымүлы Тулендин            - Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы;

Еркін Жұмақанұлы Жұмаділов      - Үржар ауданы бойынша мемлекеттік

                                                              кірістер басқармасының басшысы (келісімі

                                                              бойынша)

Саян Абдрахманұлы Құрақбаев     - Үржар аудандық қазынашылық

                                                              басқармасының басшысы (келісімі

                                                              бойынша);

Барлық ауылдық округтердің әкімдері (өздеріне тиісті бюджет сұрақтарына

                                                              қатысады). 

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

      Үржар аудандық

      мәслихатының төрағасы                                                    А.Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-448/VIII шешім

28.02.2025 ж.

 

 

VIII-шақырылған Үржар аудандық

мәслихатының кезекті  

23-сессиясының жұмысындағы

үзіліс туралы 

 

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11 бабының 4 тармағы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихаттың «Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелесін қарау үшін жоғары тұрған құзырлы органдардың осы шешімді мемлекеттік тіркеуден өткізуге мақұлдауы берілгенге дейін кезектен тыс 23-сессия жұмысында 2025 жылдың 3 наурызына сағат 10.00-ге дейін үзіліс жариялансын.
  2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Үржар аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                       А.Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-449/VIII шешім

03.03.2025 ж.

 

Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер  енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде        № 124-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан:

бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

3) Жеңіс күні - 9 мамыр:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлеріне - 5 000 000  (бес миллион) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне - 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

4) Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:

бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануында болған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыпталуынша сотталған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерде болған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСР Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКР Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСР Одағының Ішкі істер халық комиссариаты - Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі - Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСР Одағының Прокуратурасы мен КСР Одағының ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша болған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

5) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі:

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) және бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

6) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылған тұлғаларға - 55 (елу бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік шамасынан аспайтын адамдарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі;».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Абай облысының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру басқармасының басшысы

________________А.Нұрлыбек

2025 жылғы «___»___________

 

 

Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

А. Омаров

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 11.03.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 429-18 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - руководитель отдела по правовым вопросам Бахыт Абдешевна Абдулина, 26.02.2025 11:18:44, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - Председатель Урджарского районного маслихата Аскар Серикжанович Омаров, 03.03.2025 14:31:36, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23-450/VIII шешім

03.03.2025 ж.

 

 

 

Үржар ауданы Барқытбел ауылдық

округі Барқытбел ауылының

көшелерін қайта атау туралы

 

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-1 бабының 2 тармағын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 50-а    қаулысы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

        Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына Үржар ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескеру қорытындылары бойынша Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің Барқытбел ауылының Советская көшесін Достық көшесі, Краснопартизанская көшесін Шамшырақ көшесі, Мира көшесін Шырайлы көшесі деп қайта атауға ұсынылсын.

 

      

   Үржар  аудандық                                               Үржар ауданының әкімі

   мәслихатының төрағасы                                                                                               

                           

                                   А.Омаров                                                        А.Башимбаев

 

 

 

                               

       

 

Дата публикации
02 апреля 2025