№12-233/VIII шешім 16.02.2024 ж.

 

№12-233/VIII шешім

16.02.2024 ж.

 

VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың 

   кезектен тыс 12-сессиясын шақыру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабын басшылыққа алып, Үржар аудандық мәслихаттың кезектен тыс 12-сессиясы 2024 жылдың 19 ақпанында сағат 10.00-де шақырылсын.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Абай облысы Үржар ауданының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы.
  2. Әр түрлі мәселелер.

        Үржар аудандық мәслихаттың интернет сайтындағы ресми парақшасы арқылы  кезектен тыс 12-сессияның өтетін күні мен уақыты хабарлансын.                          

           

 

          Үржар аудандық

          мәслихатының төрағасы                                                 А.Омаров

 

№12-234/VIII шешім

19.02.2024 ж.

 

Үржар аудандық мәслихаттың

кезектен тыс 12-сессиясының күн

тәртібі туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 18 бабының 4 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

       Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 12-сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  1. Абай облысы Үржар ауданының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы.
  2. Әр түрлі мәселелер:

        1) Үржар аудандық мәслихаттың «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

       2) VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихатының кезектен тыс 12-сессиясының жұмысындағы үзіліс  туралы; 

       3) Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің  күшін  жою туралы;

       4) Абай облысы Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын  бекіту туралы;

       5) «Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

                 

                                                      

      Үржар  аудандық

      мәслихатының төрағасы                                                    А.Омаров

 

№12-235/VIII шешім

19.02.2024 ж.

 

 

Абай облысы Үржар ауданының шекарасын

өзгерту туралы  ұсыныс енгізу туралы

 

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және  Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысы Үржар ауданының Үржар, Қоңыршәулі, Қарақол, Шолпан, Алтыншоқы, Жана Тілек, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Ақжар, Бестерек, Барқытбел, Науалы, Көлденең, Көкөзек, Елтай және Салқынбел ауылдық округтерінің шекаралары шегінде жалпы ауданы 1 203 906,0 га  өзгертілсін.
  2. Абай облыстық мәслихатына және әкімдігіне өзгерту туралы ұсыныс енгізілсін.
  3. Осы бірлескен мәслихат шешімі және әкімдік қаулысы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Үржар

ауданының әкімі                                                                    А.Башимбаев

 

Үржар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      А.Омаров

 

 

 

№12-236/VIII шешім

19.02.2024 ж.

 

 

Үржар аудандық мәслихаттың «Әйелдер

істері және отбасылық-демографиялық

саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес

құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы

№22-215/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2024 жылғы 9 ақпандағы №02/245 ұсынысын ескере келе, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:   

  1.    Үржар аудандық мәслихаттың «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне («Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 15 сәуірдегі №24-268/V, «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 13 наурыздағы №31-362/V, «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 13 шілдедегі №34-397/V, «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі №43-478/VI, «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №8-94/VII, «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы №23-404/VII, «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №22-215/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 1 желтоқсандағы №7-179/VIII шешімдерімен енгізілген өзгерісті ескере келе), мынадай өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның» дербес құрамына енгізілсін:

Ержан Тұрсынғазыұлы Шакеев        - Абай облысы білім басқармасының

                                                                Үржар ауданы бойынша білім бөлімі

                                                                басшысының міндетін атқарушы (келісімі

                                                                бойынша);                                                            

Мұхтар Мұратұлы Құрманғалиев    - Үржар ауданының полиция бөлімінің   

                                                                жергілікті полиция қызметі

                                                                бөлімшесінің бастығы (келісімі

                                                                бойынша);

Ләзат Тұрсынғазықызы Таурбекова - аудандық ішкі саясат бөлімі бас

                                                                маманының міндетін атқарушы.

  1.      Аталған комиссияның құрамынан Н.Төлегенов, Ғ.Әрін, А.Тлеубаева  шығарылсын.
  2.      «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия» төмендегі құрамда бекітілсін:

Біржан Қадірұлы Тұрлыбеков      - комиссия төрағасы, Үржар ауданы

                                                           әкімінің орынбасары;

Елдос Жабайылұлы Бейсенов      - комиссия төрағасының орынбасары,

                                                           аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Ләзат Тұрсынғазықызы                 - комиссия хатшысы, аудандық ішкі саясат

Таурбекова                                       бөлімі бас маманының міндетін атқарушы

Комиссия мүшелері:

Жанат Заманбекқызы Андасова   - Үржар аудандық мәдениет және тілдерді

                                                            дамыту бөлімінің басшысы;

Ләйлә Тұрсынханқызы                  - Үржар аудандық жұмыспен қамту және

Дүйсенова                                         әлуметтік бағдарламалар бөлімінің

                                                           басшысы;

Зухра Нұржанқызы Бейсенбек     - «Уақыт тынысы/Пульс времени»

                                                            қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

                                                            (келісімі бойынша);

Назым Аймаханқызы                    - Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл

Байпеисова                                        шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі;                                                           

Ержан Тұрсынғазыұлы Шакеев   - Абай облысы бойынша білім

                                                           басқармасының Үржар ауданы

                                                           бойынша білім бөлімі басшысының

                                                           міндетін атқарушы (келісімі бойынша);                                                            

Мұхтар Мұратұлы Құрманғалиев-Үржар ауданының полиция бөлімінің   

                                                           жергілікті полиция қызметі

                                                           бөлімшесінің бастығы (келісімі

                                                           бойынша);

Бахтыбала Қабиқызы                    - Е.Рахмадиев атындағы Үржар балалар

Рахимжанова                                    музыка мектебінің директоры, аудандық

                                                           аналар кенесінің төрайымы;

Роза Сүлейменқызы Джунусова  - «AMANAT» партиясының Үржар

                                                           аудандық филиалының төрағасы (келісімі

                                                           бойынша).                                                         

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                         

    Үржар аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                     А.Омаров

 

 

№12-237/VIII шешім

19.02.2024 ж.

 

VIII-шақырылған Үржар аудандық

мәслихатының кезектен тыс 

12-сессиясының жұмысындағы

үзіліс  туралы 

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11 бабының 4 тармағы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихаттың «Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы әділет басқармасынан келісуден өткенге дейін кезектен тыс 12-сессия жұмысында 2024 жылдың 4 наурызына сағат 10.00-ге дейін үзіліс жасалсын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Үржар аудандық

    мәслихатының төрағасы                                                        А.Омаров

 

 

№12-238/VIII шешім

04.03.2024 ж.

 

         Үржар аудандық мәслихаты кейбір

шешімдерінің  күшін  жою туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ :

  1. Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылсын (қоса берілген).
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

А.Омаров

 

Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы

4 наурыздағы №12-238/VIII

шешіміне  қосымша

 

 

Үржар аудандық мәслихатының күші

жойылған  шешімдерінің

тізімі

 

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 18-303/VII «VII-шақырылған Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімі.
  2. Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 30-347/V «Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы» шешімі, соның ішінде:

1) Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 маусымындағы № 3-29/VI «Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім;

2) Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпанындағы № 38-417/VI «Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім;

3) Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтарындағы № 1-12/VII «Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім.

 

 

№12-239/VIII шешім

04.03.2024 ж.

 

Абай облысы Үржар ауданының

әкімшілік-аумақтық бірлікті

басқару схемасын  бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жыл 18 маусымдағы № 608 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы және Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы №6 «Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санынының лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес және ауданның әлеуметтік-экономикалық органдарының даму ерекшіліктерін ескере отырып, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысы Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы  1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін (қоса берілген).
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   А.Омаров

                                  

    Үржар аудандық мәслихаттың                                                                                     

   2024 жылғы 4 наурызындағы

             №12-239/VIII шешіміне   

          1 қосымша   

  

Абай облысы Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық

бірлікті  басқару схемасы

 

№

Мемлекеттік мекемелердің  атауы

1

"Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

«Абай облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3

Абай облысы "Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

"Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

5

"Абай облысы Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

6

"Абай облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

7

"Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

8

"Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

"Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

"Абай облысы Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

Үржар аудандық мәслихаттың                                                                                     

   2024 жылғы 4 наурызындағы

             №12-239/VIII шешіміне   

          2   қосымша 

 

Абай облысы  Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті

басқару схемасын  бекіту

№

Мемлекеттік мекемелердің  атауы

1

«Абай облысы Үржар ауданынының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2

«Абай облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

3

«Абай облысы Үржар ауданының Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

4

«Абай облысы Үржар ауданынының Бестерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

5

«Абай облысы Үржар ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

6

«Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

7

«Абай облысы Үржар ауданының Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

8

«Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

9

«Абай облысы Үржар ауданының  Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

10

«Абай облысы Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

11

«Абай облысы Үржар ауданының Көлденең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

12

«Абай облысы Үржар ауданының Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

13

«Абай облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

14

«Абай облысы Үржар ауданының Салқынбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

15

«Абай облысы Үржар ауданының Үржар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

16

«Абай облысы Үржар ауданының Шолпан ауылдық округі кімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

 №12-240/VIII шешім

04.03.2024 ж.

 

 

Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы

№ 53-656/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7281 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы»;

көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшері»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тәртіп «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

 

А. Омаров

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 12.03.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 232-18 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - руководитель отдела по правовым вопросам Бахыт Абдешевна Абдулина, 27.02.2024 17:32:19, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ "Аппарат Урджарского районного маслихата области Абай" - Председатель Урджарского районного маслихата Аскар Серикжанович Омаров, 04.03.2024 14:54:24, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 июля 2024