VII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 8 шілдедегі №17-291/VII шешімі
«Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі Ережесін»
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы К.Карашев
Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 8 шілдедегі
№17-291/VII шешімімен бекітілген
«Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
3.Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2- Тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларынан, мемлекеттік және өзге де ұйымдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметі мәселелері бойынша ақпараттар, мәліметтер сұрау;
мәслихаттың қарауына өз қызметі барысында туындайтын ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мәслихат сессиясы мен тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға тарту;
азаматтардың депутаттық сауалдарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау үшін мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу;
аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихат қызметіне қатысты талдау ақпаратын және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
аудандық мәслихаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттемелерін іске асыру бағытындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қамтамасыз ету және құқықтық мониторинг жүргізу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін аудандық мәслихаттың негізгі әрекетінің мәселелері бойынша қарау;
персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттары мен және мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға шығыстарды жоспарлау;
мәслихаттың сессияларын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру;
пленарлық отырыстарға, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу және депутаттарға комиссияның қорытындылары мен мәслихат шешімдерін сапалы дайындау мәселеріне құқықтық көмек көрсету;
мәслихаттың регламентіне сәйкес сессияның хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын рәсімдейді;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
мәслихатқа түскен іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ақпараттар алмасуды қамтамасыз етеді;
мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіреді.
материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;
аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
5) депутаттар сауалдары мен депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) мәслихатқа сайлаушылардың өтiнiштерi мен олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа үнемі ақпарат жіберiп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы К.Карашев