Бұған дейін хабарланғандай, автопарк ауданындағы жол өткелі арқылы көлік қозғалысына 2 қазаннан бастап уақытша шектеу енгізілген болатын.
Жоғары қысымды диаметрі 1400 мм құбырды жол өткелінің астынан тарту жұмыстарының жалғасуына байланысты 5 қазанда қозғалысты қайта ашу мүмкін болмай отыр.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, жұмыстар толық аяқталғанға дейін жол өткелі арқылы тек қоғамдық көлік, өрт сөндіру және авариялық қызметтер, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына рұқсат етіледі.
Қозғалысты толық қалпына келтіру мерзімі туралы қосымша хабарланады.
Қала тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ұстаздар күні — білім мен тәрбиені қатар алып, жас ұрпақтың жүрегіне жол таба білген барша ұстаздарға алғыс айтатын ерекше күн.
Ұстаз еңбегі — шәкіртінің жетістігінен, арманына қанат бітіргенінен көрінеді. Сіздердің әрбір берген білімдеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз — жас ұрпақтың болашағына қосылған үлкен үлес.
Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тілейміз! Әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш сыйлап, еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалансын!
Ұстаз мәртебесі биік, еңбегі елеулі болсын!
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтің халықпен кездесуіне шақырамыз.
📍Зачаган кенті
№52 мектеп
📅 5 қазан
🕔 Сағат 16:00
Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауап беріледі.
Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдауға бағытталған санитарлық-экологиялық айлық аясында кезекті сенбілік өткізілді. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, депутаттар мен мемлекеттік қызметшілер қатысып, Абай даңғылы бойында 22 қайың көшетін отырғызды. Бұл күні шаһардың өзге аумақтарында да жастар және ниет білдірген тұрғындардың күшімен 170 түп тал егілді.
Орал қаласындағы дендрологиялық жоспарға сәйкес 109 мың түп ағаш есепке алынған. Олардың санитарлық жағдайы анықталып, кесу, көшіру немесе сақтап қалу бойынша сала мамандары мен қоғам белсенділерінің қатысуымен тиісті шешімдер қабылданады.
Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған жалпыұлттық акцияның мән-маңызына тоқталды. Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарын көгалдандыру шараларына белсене қатысуға шақырды.
– «Таза Қазақстан» – бір күндік немесе бір айлық науқан емес. Бұл – өмір бойы жалғасуға тиіс ортақ міндет. Ағаш отырғызу өз алдына, оны уақтылы күтіп-баптау маңызды. Жасыл желек ауаны тазартып, қаланы көркейтеді. Көгалдандыру ісіне әрбір тұрғын атсалысқаны абзал, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, биыл облыс елді мекендерінде 47 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінге дейін 37 мың түп көшет егілді.
Қыркүйектің соңғы жексенбісі — Қазақстанда Еңбек күні.
Бұл күн — өз ісіне адалдықпен қарап, маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамын құрметтейтін ерекше күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат».
Қай салада еңбек етсе де, өз ісін жауапкершілікпен атқарып жүрген барша жандарға алғысымызды білдіреміз!
Еңбектеріңіз жемісті, бастамаларыңыз берекелі, әр күндеріңіз жаңа жетістіктерге толы болсын!
Еңбекпен келген әр жетістік — елдің ортақ жетістігі!
Қала күніне орай Орал қалалық кітапханалар жүйесі сіздерді ерекше көше акциясы – либмобқа шақырады!
Акциямыздың мақсаты – сүйікті қаламыздың бай тарихы мен әдеби мұрасын насихаттау, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Бағдарламада:
«Тарихы терең – Оралым» – қала тарихы туралы танымдық ақпараттар;
«Оралды қаншалықты білесіз?» – қызықты блиц-сұрақтар мен викториналар;
«Менің Оралым» – тұрғындардың естеліктері мен ыстық лебіздері;
«Кітаптағы Орал» – өлкетану бағытындағы кітаптар көрмесі;
«Оралға тілегім» – қаламызға арналған ақ тілектер бұрышы;
Естелік фотосессия.
🗓 Күні: 9 қыркүйек
⏰ Уақыты: 14:00
📍 Өтетін орны: Сырым Датов ескерткіші алаңы
Баршаңызды мерекелік іс-шарамызда күтеміз! Бірге өлке тарихын жаңғыртып, тамаша әсер алайық!
12 қыркүйек күні сағат 20:00-де Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында І Халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалінің концерттік бағдарламасы өтеді.
Фестивальде қазақтың дәстүрлі ән-күйі, жыр-термелері мен ұлттық би өнері ұсынылады. Концерттік бағдарламаға Данияр Таңатаров, Медет Оразов, Ақылбек Бектасов, Жанарым Аманғалиева, Аслан Ғұмаров, Ернар Өмірәлі, Күлаш Қуанышқалиева, Тілек Базаров, жергілікті өнерпаздар қатысады.
Сонымен қатар фестиваль қонақтары қатарында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Баянсұлу, Тұрар, Мақсат Рахмет және Түркиядан Murat Yaprak пен Өзбекстаннан Севара Туланова өнер көрсетеді.
І Халықаралық «ZHAIYQ SAZY» этнофестивалі ұлттық өнерді дәріптеп, шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар арасындағы халықаралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
2026 жылы 24 қыркүйек күні сағат 10:00 e-Qazyna.kz порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізіледі. Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласы, Желаев және Зачаган кентінен 10 жер учаскесі ұсынылады. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер e-Qazyna.kz порталында қабылданады
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Жылу желілерін жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қыркүйектен 22 қыркүйекке дейін Некрасов көшесінің Назарбаев даңғылынан Есқалиев көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Аталған жұмыстар жылу желілерін жөндеу және қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
Көлік жүргізушілерінен уақытша шектеулерді ескеріп, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Қала күніне орай «Туған күніңмен, Орал!» мобилографтар байқауы жарияланады!
Байқау аясында:
«JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ-2026» бәйгесі
Осы іс-шаралардан креативті Reels түсіріп, өз Instagram парақшаңда жарияла да, байқауға қатыс!
Жасыңа, тәжірибеңе қарамай қатыса аласың. Смартфон, кәсіби камера немесе дрон — таңдауың өзіңде!
Толық ақпарат алу және тіркелу үшін: 8 707 280 80 27
Оралдың мерекелік атмосферасын бірге көрсетейік!