
8.08.2020 жылы Орал қаласының әкімдігінің үлкен залында қала әкімі Абат Абайұлы Шыныбековтың қатысуымен қалалық мәдениет және демалыс саябағының алдағы уақытқа арналған даму жоспары бойынша арнайы құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар қатысты. Кездесу барысында қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Ж. Сакенов 2020-2023 жылдарға арналған саябақтың даму жоспарын ұсынды. Жұмыс тобының мүшесі М.Сұлтанғалиев аталмыш топпен жасақталған саябақты дамыту жобасын таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс тобының белді мүшесі Д.Сариев мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы жасыл желектерді есепке алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. М.Өтемісов атындағы БҚУ биология және экология кафедрасының қызметкері М. Момышева жасыл алқаптың жай-күйі туралы егжей-тегжейлі айтып, саябақта өсетін ағаштар мен талдарды есепке алу қорытындысы бойынша жасыл алқаптың дендропаспортын жасау қажеттігіне назар аударды.