
Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбековтың бастамасымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Орал қаласы сұрапыл соғыс жылдарында 1941-1945 жж" тақырыбындағы кітап шығару қолға алынған болатын. Аталмыш жұмысқа тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тұяқбай Зейітұлы бастаған бір топ жергілікті тарихшы, өңіртанушылар ат салысуда.
Екінші дүниежүзілік соғыс қасіреті барлық адамзатқа ортақ, оның ішінде қазақ халқы үшін де. Ұлы Жеңісті жақындатуға жерлестеріміздің қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да кітапты дайындап, жазу барысындағы басты мақсат — соғыс жылдарындағы жерлестеріміздің ерлігін көрсету.
Кітапта 1941 жылдан 1945 жылдар аралығында қаламызда болған маңызды оқиғалар ұсынылмақ. Әйгілі 152-ші жеке атқыштар бригадасының құрылуы және соғыс майданындағы өткен жолдары баяндалмақ. Мұрағат деректеріне сүйене отырып, жерлес батырларымыздың ерлігі мен тағдыры, халықтар депортациясы және эвакуациялық процесстер жөнінде баяндалып, сонымен қатар ерлігі еленбеген ерлер туралы мәліметтер де көрініс таппақ.
Қала әкімдігінде аталмыш кітаптың авторларымен қорытынды кездесу шарасы өтті. Шарада жұмыс барысы жайлы баяндамалар жасалып, қала әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков жұмыс тобымен пікірлесті.
Орал қаласының сұрапыл соғыс жылдарындағы тарихынан сыр шертетін
кітаптың таныстырылымын Қала күні мерекесі аясында өткізу жоспарлануда