Тұрғындар тарапынан бастамашылықтың болмауы жылыту маусымына дайындықты тежеуде

Тұрғындар тарапынан бастамашылықтың болмауы жылыту маусымына дайындықты тежеуде

Орал қаласы бойынша жалпы 1 238 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қызметін 1 196 тұрғын үй тұтынады. 827 көп қабатты тұрғын үй Пәтер иелері кооперативтері қызметін пайдаланса, 336 тұрғын үйге тұрғын үй қызметтері көрсетілмейді және 33-і жеке үйлер.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің айтуынша, қазіргі уақытта 106 ПИК қызмет көрсететін 632 көп қабатты тұрғын үйде сығымдау жұмыстары атқарылған. Бұл жұмыстар 76%-ды құрап отыр. Тұрғын үй қызметтері көрсетілмейтін 33 үйде сығымдау жұмыстары жүргізілді. Олар 4%-ды құрайды.
ПИК қызмет көрсететін үйлер бойынша бүгінгі таңда дайындық төлқұжатын алған үйлер: «Коммунальник», «Комплекс», «Жамбыл», «Жаңа Октябрь», «Альянс», «Фадеев» ТК, «Мира - 52», «Чайка», «Родник», «Строитель», «ҚазБатысСервис», «БатысҚуаныш+», «Авиатор», «Уют-5», «Таза Аудан» ЖШС, «Жәңгір Хан 17», «Дорожник».
«Сығымдау жұмыстары кезінде жылу инспекциясы мамандары алдын ала шақырылады. Сығымдау процесі жылу инспекциясы мамандарының қатысуымен өтеді. Бұл мамандармен процесс кезінде немесе сығымдау аяқталғаннан кейін қателіктер бойынша ұйғарым беріледі. Ұйғарымдар толықтай орындалғаннан кейін әр ПИК төрағаларына дайындық төлқұжаты беріледі. Ал иесіз үйлерде дайындық төлқұжаты әр үй үшін жауапты адамға беріледі», - деп түсіндірді бүгін Өңірлік комммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мирас Мүлкәй.
Сонымен қатар, Мирас Рүстемұлы Х. Чурин 119, Покатилов 69/1, Гагарин 36/4, Луговая 47/1, Мясокомбинат, 8, У.Громов 2/1, С.Восток 15, Абай даңғылы 88/1, Алмазов 58А, 2-ші Вокзал маңы тұйығы 2, Ружейников 13, Құрманғазы 111, 2-ші км 24, 4- линейная, 26 үй, 2-ші км 24/1 секілді үйлерде жылыту маусымына дайындық бойынша әр жыл сайын бірқатар мәселелер орын алатындығын баса айтты.
Яғни, тұрғындар тарапынан жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыстар атқарылмауы, бастамашылдықтың болмауы секілді проблемалар орын алуда.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған мекен-жай тұрғындарына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.Айта кетер жайт, қызмет көрсетуінсіз (иесіз) үйлерде сығымдау жұмыстарын тұрғындар өздері атқаруы қажет немесе арнайы қызмет көрсетуші мекемелерге жүгінуі тиіс.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі