
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Қала аумағындағы абаттандыру Ережелерін сақтау туралы ақпаратты Сіздердің назарларыңызға саламыз. Құрылыстарды және жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс. Сонымен қатар, объетілердің меншік иелері іргелес аумақтарда (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) санитарлық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді. Қаланың сәулеттік келбетін бұзатын қоршауларды және басқа да кез-келген конструкцияларды ортақ пайдаланылатын жерлерде орнатуға жол берілмейді. Осы қағидалардың бұзылуына жол берген тұлғалар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабарлаймыз.