Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрығымен Сисенова Анаргүл Ілиясқызы Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сисенова Анаргүл Ілиясқызы 1984 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжін «ағылшын тілі» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «шет тілі: екі шет тілі», Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қаратөбе ауданы Қалдығайты орта мектебінде іс-жүргізуші және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

Әр жылдары:
* Орал қаласы №4-і МДҰ ағылшын тілінің мұғалімі;
* Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Ауылшаруашылығының технологиялары мен механикаландыру» кафедрасының зертханашысы;
* Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аудармашысы;
* Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Қосымша білім беру және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері;
* «Достық»балалар аула клубының әдіскері;
* «Достық» балалар аула клубының меңгерушісі;
* «Алау» балалар аула клубының меңгерушісі;
* Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2023 жылдан бастап Орал қалалық ішкі саясат бөлімі қоғамдық даму және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының меңгерушісі қызметін атқарды.