
Соңғы күндері қалада күн жылып, қар еріп жатыр. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, алдағы күндері жылы ауа температурасы сақталады. Сондықтан үйіңізді су басу қаупі орын алған жағдайда +7 778 579 18 00 (WhatsApp), 50-02-55 телефон нөмірлері арқылы Орал қалалық штабқа хабарласуға болатынын хабарлаймыз.
Хабарласқан кезде толық аты-жөніңізді, мекенжайыңызды, байланыс нөміріңізді және су басу фактісі көрсетілген видеоматериалды ұсынуды сұраймыз.