
Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 шілдедегі №375 Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. 4 көпбалалы ана «Алтын алқа», 9 көпбалалы ана «Күміс алқамен» марапатталды.
«Алтын алқа» алқасымен Калекешова Гүлшат Нәсіпқалиқызы, Меңдешова Динара, Рахметуллина Альфия Жоламанқызы, Хамзина Дина Хамзақызы, «Күміс алқа» алқасымен Аймурзина Айымгүл Қайырқызы, Әкімғожина Гүлсім Серікқызы, Анарқұлова Айгерім Мұханбадалиқызы, Бисембаева Данагүл Төлепбергенқызы, Молдабекова Нұрзада Мұсабекқызы, Рысқалиева Ләззат Файзоллақызы, Сағынғалиева Алла Тайырқызы, Серікова Шолпан Ермекпайқызы, Сидорович Анна Владиславовна марапатталды.
Қала әкімі А.Шыныбеков марапаттау рәсімінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстарға тоқталып, ана мен баланы қорғау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Қаламызда биыл 400-ден астам адам тұрғын кезегі бойынша баспанаға ие болады, солардың қатарында көпбалалы аналар да бар. Сондай-ақ кездесу барысында Абат Абайұлы биыл қаламызда аналарға арналған «Отбасы» орталығының ашылғанын, онда тегін заңгерлік, психологиялық кеңес беру қызметі, әртүрлі курстар, шеберлік сыныптары, кәсіпке үйрету жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабардар етті. Кездесу соңында қала әкімі көпбалалы аналардың отбасына бақ-береке, зор денсаулық, толайым табыс тіледі