
2024 жылдың 18 желтоқсан күні Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтың төрағалығымен Орал қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
Жиынға қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері мен Орал қаласының кенттер және селолық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Мұнан бөлек, барлық бөлім басшылары мен қаланың кенттер және селолық округ әкімдеріне қала тұрғындарын жат діни ағымдардан сақтандыруға қатысты міндет жүктелді.