
ҚР Президентінің "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" нақты бағдарламасында көрсетілген меритократия қағидасын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласы Денеш шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Шерғалиев Артур Мұратұлы тағайындалды.
Шерғалиев Артур Мұратұлы 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы ат спорты түрлерінен БЖСМ-де қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушыдан бастады.
Әр жылдары:
– қазақ күресінен БҚО-ның аға жаттықтырушысы;
– армрестлинг және гір спортынан БҚО федерациясының Президенті;
– «Намыс» спорт клубы МКҚК әдіскері;
– «Намыс» спорт клубы МКҚК директорының орынбасары;
– Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері;
– БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылының Сырым ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
«Халық алғысы» мерекелік медалімен, «Қазақстан патриоты» медалімен және «ҚР Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталған.