Қала тұрғындары цифрлық сауаттылықты арттыру курстарын онлайн өте алады

Қала тұрғындары цифрлық сауаттылықты арттыру курстарын онлайн өте алады

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткізілетін тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары онлайн түрде өткізілуде.
Курсты алу үшін www.digitalkz.kz/kursy/ сілтемесі арқылы тіркелу қажет.
Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
— "Базалық цифрлық дағдылар" — дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін пайдалану.
— "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер" — қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін e-gov электрондық үкімет веб-порталын пайдалану.
— "Ашық Үкімет" — ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді, ашық диалог пен бюджетті пайдалану.
— "Электрондық сауда" — тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары.
— "Ақпараттық қауіпсіздік негіздері" — дербес деректерді қорғау дағдылары және интернет желісіндегі жұмыс қауіпсіздігі.
Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда 50-51-52 байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.