
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен жаңадан салынатын мобильдік оңалту (реабилитациялық) орталығының мақсаты мен жоспарын ортаға салды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан «жұқпалы ауру айналаға қауіпті, денсаулыққа зиян, басқа жерлерден салу керек» деген уәждер айтылды.
Қала әкімі атап өткендей, тұрғындардың бұл алаңдаушылығына негіз жоқ,
бас жоспарға сәйкес, арнайы әлеуметтік нысандарға бөлінген жерден салынатын оңалту орталығы болашақта медициналық емхана ретінде халық игілігіне қызмет ететін болады.
Қазіргі кезде оңалту орталығы індеттің таралуына жол бермеу, науқастарды емдеу бағытында аса маңызды қадам екенін атап өтті қала әкімі.
Сонымен қатар, тұрғындардың медициналық нысанға қатысты өзекті сұрақтарына
облыстық денсаулық сақтау, құрылыс басқармасының басшылары тиісті жауаптарын берді. «Жұлдыз» шағын ауданында таяу уақытта оңалту орталығымен қатар көптеген әлеуметтік нысандар - мектеп, балабақша, балалар алаңқайы, жол салу, көшелерді жарықтандыру, жол қауіпсіздігі белгілері кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.