Бүгін «ANTIKORLIVE» жобасы аясында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет және Орал қаласы әкімдігі аппаратының жетекшісі И.Е.Джазықбаев тікелей эфирге қатысты

Бүгін «ANTIKORLIVE» жобасы аясында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет және Орал қаласы әкімдігі аппаратының жетекшісі И.Е.Джазықбаев тікелей эфирге қатысты

Бүгін «ANTIKORLIVE» жобасы аясында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет және Орал қаласы әкімдігі аппаратының жетекшісі И.Е.Джазықбаев тікелей эфирге қатысты. Орал қаласы әкімдігі аппаратының жетекшісі И.Е.Джазықбаев тікелей эфирде қалалық әкімдіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырудағы атқарып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, қолданушылар тарапынан қойылған «Омега» жол өткелі, жұмыспен қамту, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар және т.б. сұрақтарға тұщымды жауап берді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу жөніндегі кеңес барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасын көрсетті. Қалалық әкімдіктің аппарат басшысы атап өткендей, осы міндеттерді орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыруда бірқатар шаралар атқарылуда. Жеті негізгі шарада айтылған мемлекеттік қызмет көрсету ісінде үдемелі цифрландыруды енгізу бағытында Орал қаласы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайту, халыққа кедергісіз қызмет көрсету мақсатында әкімдік бөлімдерінің баламалы жолмен іске асыратын жеке және заңды тұлғаларға арналған «Ашық әкімдік» алаңы ұйымдастырылды. 2017 жылдан бері 143 198 тұрғын қабылданды, соның ішінде биылғы жылдың үлесі 6 268. Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдері жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 51 328 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша Зачаган және Круглоозерное кентінде «Ашық әкімдік» фрон-кеңсесі ашылып, 285 тұрғын қабылданды. Сонымен қатар, 17 рет «Ашық әкімдік» шарасы өткізілген.
Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың белсенді қатысуы негізінде, мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні қала әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмыс істейді.