Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау - 2024 жылғы 8 желтоқсан

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау - 2024 жылғы 8 желтоқсан

№11, №16, №23 бірмандаттық аумақтық сайлау

округтері бойынша Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №11,№16,№23 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Орал қаласының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Жайық үні», «Пульс» қалалық газеттерінде және Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                М. Давлетжанов

 

 

Хатшы                                               А. Жумина