
Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2020 жылдың 03 тамызынан бастап Орал қаласының «Нефтебаза» ауданындағы теміржол арқылы өтетін жол өткелінің ашылуына байланысты №3, №3к, №4, №6, №7, №10,№13, №16, №17, №35, №37, №49, №53 қалалық маршруттардың қозғалыс сұлбасы бұрыңғы сұлбаға сәйкес жүретінін хабарлайды.
Қоғамдық көліктер бойынша барлық сұрақтар бойынша «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-не 50-04-02 номері бойынша хабарласуыңызға болады.