
Көпірдің ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғали Есқалиев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
Қырық жылға жуық уақыт жөндеу көрмеген жол өткелінің құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған болатын. Жалпы ұзындығы - 988 , ені - 20 метрді құрайды. Құрылыс «Ка-Строй ЛТД» ЖШС-ның мердігерлігімен жүзеге асты. Тапсырыс беруші – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б. в.» компаниясы. Жол өткеліне төрт жолақты автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолағы салынған.