QURBAN2020.KZ САЙТЫ АРҚЫЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚҰРБАН ШАЛУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

QURBAN2020.KZ САЙТЫ АРҚЫЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚҰРБАН ШАЛУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Құрбан айт мерекесі Ғұламалар Кеңесінің бекітуімен 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Пандемия кезінде мешіттердің жабық болуына байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды.
Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып биылғы жылы алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайты іске қосылды. Ал құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады. Кез-келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады.