"Мирлан" көтерме сауда азық-түлік базары "Ел-ырысы" базарына көшірілді

"Мирлан" көтерме сауда азық-түлік базары "Ел-ырысы" базарына көшірілді

22 шілде күні өткен облыстық Жедел штаб отырысында «Мирлан» орталық базарының аумағында (Досмұхамедов, Ахмиров, Кердері көшелері) орналасқан көтерме сауда орнында санитарлық талаптар сақталмауына байланысты тиісті шаралар алу тапсырылған болатын. Осыған орай, Орал қаласының әкімдігі келесі ақпаратты ұсынады:

1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 4 шілде 2020 года_№ 22-ПГВ қаулысын басшылыққа ала отырып, «Мирлан» орталық базарының аумағында (Досмұхамедов, Ахмиров, Кердері көшелері) орналасқан заңсыз көтерме сауда орнын «Ел-Ырысы» базарына келісім бойынша көшіріледі.
2. Аталған көшелер бойынша қажетті жол белгілері орнатылып, автокөлік козғалысына уақытша шектеу қойылады.
3. 24 шілде күні, сағат 18.00 дейін көрсетілген көшелерде шектеу жол белгілері орнатылып, аумақта орналасқан сауда орындары мен кәсіпкерлік субъектілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
4. 25 шілдеден бастап сағат 05.00-ден көтерме сауда «Ел-Ырысы» базарында ұйымдастырылатын болады.
5. Аталған аумақта қабылданған шектеулердің орындалуын жүзеге асыру Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және Орал қалалық полиция басқармасына жүктеледі.

Қосымша мәліметтер алу үшін келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 51-10-61, 8-707-617-12-54