
Құрметті байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Алаш қайраткері Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деп жазғанындай, қашан да үлкен істердің ұйытқысы, қоғамдық ой-пікірдің қозғаушы күші ретінде еліміздің өсіп-өркендеуінде, идеялық бағыт-бағдарды айқындауда журналист қауымының рөлі ерекше. Сондықтан да теледидар мен радио, сайт, әлеуметтік медиа, мерзімді баспасөз, баспахана мен коммуникация саласы қызметкерлерінің, журналист қауымының көз майын тауысып жасаған дүниелері, материалдарды берудегі кәсіби шеберлігі, қаламыздағы маңызды жаңалықтарды жедел әрі сапалы көрсетудегі қажыр-қайраты, тынымсыз шығармашылық ізденістері әрдайым құрметке лайық.
Сіздердің мемлекеттік саясатты жүргізуге, қаламыздың әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз, қаламыздағы көптеген әлеуметтік маңызды жобаларға көрсеткен ақпараттық қолдауларыңыз игі бастамалардың өмір шындығына айналуына септігін тигізеді.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт пен жұмыстарыңызға заңғар табыс тілеймін!