1-3 наурыз күндері аралығында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендердегі мұзды жару жоспарланған. Мұндай жұмыс “Светлячок” туристік базасының, Орал қою-механикалық зауытының, “Белая казарма” аялдамасының, Білім-инновация лицейінің маңайында, Новостройка, Кумыска елді мекендері, Родник, Кристалл бау-бақша серіктестіктерінің аумағында жүргізіледі. Су қоймаларындағы мұзды жару нәтижесінде кейін мұз кептелісі болмайды. Яғни су деңгейінің көтерілуіне жол бермейді.
Барша қала тұрғындарынан жарылыстың дауысы естілген жағдайда үрейге бой алдырмай, сабырлық танытуды сұраймыз.