
2024 ж. 16 ақпан күні Орал қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Өңірлік кадр резерві және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары бойынша жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Кулкаев, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Масимова, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Д.Хаиров, Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері және бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.