БҚО-да 6 маусымнан бастап карантин режимі күшейтіледі

БҚО-да 6 маусымнан бастап карантин режимі күшейтіледі

📌БҚО-ның бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың қатары ауырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған тұрғындар есебінен артуда. Осыған орай, өңірде 6 маусымнан бастап карантин режимін күшейту бойынша бірқатар іс-шаралар қабылданбақ.
Дәлірек айтқанда:
• Отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады
• Қоғамдық көліктердің жұмыс тәртібі өзгертіледі: таңертең сағат 06:00-ден 12:00-ге дейін, кешке сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін
• Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін; жұмадан жексенбіге дейін 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі
• Мейрамханаларға/барларға/дәмханаларға/асханаларға және басқаларына (келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспайтын), қоғамдық тамақтану нысандарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады.
@rsk_zko