
Карантин режимі жағдайында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков азаматтарды онлайн форматта қабылдады.
Тұрғындар тұрғын үй бағдарламасы, материалдық көмек және т.б. сұрақтарды көтерді. Қала әкімі онлайн қабылдауда тиісті бөлім мамандарын қашықтан қатыстыра отырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді және осындай онлайн қабылдау алдағы уақытта жалғасатын болады.