Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияның отырысы өтті.

2024 жылы 22 қаңтар күні әкімдіктің кіші залында Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Зиннатұлы Губашевтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Отырысқа ата-аналармен және кәмеллеттік жасқа толмағандармен кездесу үшін Батыс Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Нұрмағамбетова Жанат Жандоллақызы және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала деңсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Сапарова Сандугаш Есеновна шақырылып, қатысты.

         Отырыста ұзақ уақыт сабаққа қатыспайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған ұлына қатыгездік көрсеткен әкесі туралы жеке істер қаралды.

         Жиналыста әрбір жеке іс бойынша жалпы дауыс беру арқылы   қаулылар қабылданып, тапсырмалар берілді.