Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияның алғашқы отырысы өтті.

2024 жылы 12 қаңтар күні әкімдіктің кіші залында Орал қалалық ішкі істер бөлім бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Арман ҚұсайынұлыДюсекеновтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

         Отырыста ұзақ уақыт сабаққа қатыспайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты сонымен қатар үйде кәмелеттік жасқа толмаған қызына қатыгездік көрсеткен анасы туралы жеке істер қаралды.

         Жиналыста әрбір жеке іс бойынша жалпы дауыс беру арқылы   қаулылар қабылданып, тапсырмалар берілді.