Қоғамдық көлікте жол жүру үшін жеңілдік карталары 8 қаңтарда сатылымға шығады

Қоғамдық көлікте жол жүру үшін жеңілдік карталары 8 қаңтарда сатылымға шығады
ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына тарифтерді жергілікті атқарушы органдар белгілейді. 2023 жылғы 21 желтоқсанда Орал қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалына тариф белгілеу туралы қаулы шығарды. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша — 100 теңге мөлшерінде, ал қолма-қол төлеу кезінде — 200 теңге мөлшерінде. Бұл тариф 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Жаңа тариф белгіленгеннен кейін Орал қаласының әкімдігі жолаушылардың жеңілдікке ие топтарын белгілеу туралы қосымша қаулы шығаруы тиіс. Осыған байланысты осы жылдың 3 қаңтарында (яғни бірінші жұмыс күні) қалалық мәслихат пен Орал қаласының жергілікті атқарушы органының қалаішілік маршруттық көлікте жолаушылардың жекелеген санаттарының жеңілдікпен өтуі туралы бірлескен қаулысы шығарылды. Бұл қаулы жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің операторы — «Smart Qala Uralsk» ЖШС үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуге және азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін тиісті автобус карталарын іске асыру үшін дайындауға заңды негіз болып табылады.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін келесі мекенжайларда қосымша сауда нүктелері ұйымдастырылған:
- «Алтындар» супермаркеті, Астана ш/а;
- «Астана» СҮ;
- Автовокзал;
- Исатай-Махамбет көшесі, 84 бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы;
- Құрманғазы көшесі, 173а бойынша Мансап орталығы;
- Зашаған кенті (нақты мекенжайы кейінірек жарияланады).
Зейнеткерлерге арналған жеңілдік карталары 2024 жылдың 8 қаңтарында сатылымға шығады.