Деркөл кенті әкімі лауазымына үміткерлер ұсынылды

Деркөл кенті әкімі лауазымына үміткерлер ұсынылды

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен Деркөл кентінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті. Жиналыста "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңға сәйкес, қала әкімі А.Шыныбеков Деркөл кентінің әкімі лауазымына сайлауға түсуге үміткерлерді ұсынды. Артур Шерғалиев, Асылжан Хайруллин және Жұбан Жұмағалиев сынды ұсынылған үміткерлер жоғары білімі бар, мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтаған, осыған дейін әртүрлі деңгейде лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқан азаматтар. Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналыс барысында Деркөл кенті әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлерді талқылап, өз келісімін берді.
Айта кетейік, жаңадан құрылған Деркөл кенті әкімі сайлауы осы айдың соңында өтеді деп жоспарланып отыр.