БҚО-да 1 маусымнан бастап карантин режимі жаңа талаптарға сай жүзеге асырылады.

БҚО-да 1 маусымнан бастап карантин режимі жаңа талаптарға сай жүзеге асырылады.

2020 жылдың 30 мамырында БҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес облыс бойынша кіруге және шығуға тыйым салу 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Сырым ауданында, Тасқала ауданының Тасқала ауылында, Жәнібек ауданының Қамысты және Борсы ауылдық округтерінде ғана әрекет етеді.
⠀
Өңірде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты санитарлық шараларды қатаң сақтау және жеке қорғану құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар бұрынғысынша күшінде қалады.