
Құрметті қала тұрғындары!
1 маусымнан бастап Орал қаласының маңында орналасқан 9 блок-бекет алынады. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді және коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін қажет болды. Блокбекеттерде күн-түні жұмыс істеген барлық полиция, санитарлық қызмет, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлеріне, әскери міндетке шақырылғандарға, әкімдік қызметкерлеріне және волонтерларға алғысымды білдіремін. Осы 2 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы шектеулерді алуға мүмкіндік берді. 1 маусымнан бастап қаламыздағы үлкен кәсіпкерлік нысандар, сауда үйлері мен мейрамхана, дәмханалар, балабақшалар санитарлық талаптар мен қауіпсіздікті сақтай отырып жұмысқа кіріседі. Қаланың тыныс-тіршілігі қалыпты өмірге қадам басты. ПИК қызметкерлері аула алаңдарына коммуналдық мекемелер көшелер мен аялдамаларға залалсыздандыру жүргізілуде. Дегенмен қаламызда коронавирус инфекциясының таралуы әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан тұрғындарды белгіленген тәртіпке бағынып, санитарлық талаптар мен тиісті қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл бәріміздің қалыпты өмір сүруіміз үшін маңызды. Өзімізді және жақындарымызды қорғайық!