
2023 жылы 7 желтоқсан күні әкімдіктің кіші залында Орал қалалық ішкі істер бөлім бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Арман Құсайынұлы Дюсекеновтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Отырыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша және кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің рұқсатынсыз үйден кету фактілері бойынша, сондай-ақ өзінің кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамайтын ата-ананың жеке істері қаралды.
Жиналыста әрбір жеке іс бойынша жалпы дауыс беру арқылы қаулылар қабылданып, тапсырмалар берілді.