Орал қаласында "2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 73 жобаны іске асыру басталып кетті.

Орал қаласында "2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 73 жобаны іске асыру басталып кетті.

Құрметті жерлестер!
Орал қаласында "2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 73 жобаны іске асыру басталып кетті.
Бұл мақсатқа қомақты қаражат бөлінді.
Әр жобаның сапалы орындалуы құзырлы органдар ғана емес қоғамдық бақылауда болуға тиіс. Барша оралдықтарды өз аумағыңызда жүзеге асырылып жатырған жобаларға ерекше көзқараспен қарауға, белсене араласуға шақырамын.
Осы күрделі кезеңде іске асып жатқан жобалар арқылы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашамыз,құрылыс кезінде және аяқталғасында. Сондықтан да жұмыс іздеуші азаматтар Сіздер қалалық жұмыспен қамту орталығына жолығып, қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарына өз таңдаған мамандықтар бойынша орналаса аласыз. Біздің жобаларға жұмысшыларды барынша көптеп тартуымыз қажет.
Бүгіннен бастап өз парақшамда, қала бойынша салынып, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан мектеп, аурухана, жол және басқа да нысандар бойынша хабардар ететін боламын.
Білім беру саласында жалпы сомасы 2 543,8 млн.теңгеге 4 жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде: 300 орындық №33 мектептің құрылысы, №21 ,25 45 орта мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуі.
Сонымен қатар білім беру саласында өздеріңізге белгілі жаңа оқу жылына Зашаған кентінде 900 орындық және қаланың Солтүстік Шығыс бөлігінде 450 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілмек.
Білім сапасы мен оқушыларға саналы тәрбие беру үшін тиісті жағдай жасау жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті. Білім беру ұйымдары желісін жаңа мектептермен толықтыру 3 ауысымдық және апатты мектептер жағдайын шешуге зор ықпал етсе, күрделі жөндеулер материалдық техникалық жағдайын,білім сапасын арттыруға оң нәтиже береді деп ойлаймын.
Әр жоба бойынша сол жердегі ата аналар мен жанашырлардан қоғамдық бақылаушылар сайланды,олар объектідегі құрылыс, жөндеу жұмыстарының сапасын күнделікті бақылауға алуда.
Сонымен бірге жобадағы аса қымбат жұмыстар мектептің материалдық техникалық жабдықталуына кері әсер етпесе білім бөлімімен жаңа оқу құралдарын алуға бағытталатын болады.

 

 

 

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков