Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі оралдықтар!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт - бірлік пен бауырмалдықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың, мейірім-шапағат пен рухани кемелдіктің қастерлі мерекесі.
Әлемді жайлаған қатерлі індетпен күресте ауызбірлік танытып, ораза айында ізгі амалымен, сауапты істерімен мұқтаж жандардың алғысына бөленген, қайырымды шараларға атсалысқан барша жерлестерімізге Алланың нұры жаусын!
Ораза Айт мүбарак болсын, әр шаңыраққа бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін!