Облыста карантин режимі 15 маусымға дейін ұзарды

Облыста карантин режимі 15 маусымға дейін ұзарды

Бүгін БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев шұғыл брифингке шығып, карантин режимінің 15 маусымға дейін ұзартылатынын айтты. Оның айтуынша, карантин режимін ұзартудағы басты себеп КВИ жұқтыру деңгейінің төмендемей, керісінше өсе түскенінде болып отыр.
- Коронавируспен аурушаңдық бойынша мониторинг күн сайын жүргізіледі. 21 мамырда аурудың өсу деңгейі 2,5 % болса, 22 мамырда 2,8 %-ға өсті. Яғни төмендеу болып жатқан жоқ. Егер 15 маусымға дейін аурудың өсу деңгейі 2%-дан төмендесе, онда карантин шараларын жеңілдету жағы қарастырылуы мүмкін, - деді Нұрлыбек Мұстаев.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
@rsk_zko