
2023 жылы 7 қараша күні әкімдіктің кіші залында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы Нұржановтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Отырыста «Балалардың хал-ахуал индексінің көрсеткіштерін жақсарту, индекс көрсеткіштерінің төмен деңгейінің себептері және қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбы бойынша БҚО ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің бас маманы Айкөркем Жумабайқызы Аспандиярова, білім беру бөлімінің басшысы Акжаркын Мутиголлина Темирханова, ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Рафхат Шмитович Мусагалиевтің баяндамалары тындалды.
Қазақстан балаларының хал-ахуал индексінің әдістемесі 4 бағыт бойынша 56 көрсеткішті қамтиды: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат», «Елдің әл-ауқаты».
Комиссия балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін адалдықпен орындамаған ата-аналар туралы және кәмелеттік жасқа толмаған баланың рұқсатсыз үйден кету фактісі бойынша кәмелетке толмаған балалардың жеке істерін де қарады.
Жиналыста әрбір жеке іс бойынша жалпы дауыс беру арқылы қаулылар қабылданып, тақырыптық сұрақ бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.