Қоғамдық көліктегі жол жүру тарифінің құнын көтеру туралы жобаны қарау барысында қалалық қоғамдық кеңес мүшелері төмендегідей үш ұсыныс жасады:

Қоғамдық көліктегі жол жүру тарифінің құнын көтеру туралы жобаны қарау барысында қалалық қоғамдық кеңес мүшелері төмендегідей үш ұсыныс жасады:
1. 14 жасқа дейінгі балаларды жеңілдіктер санатына қосу.
2. Халықтың ең белсенді бөлігі ретінде студенттерге арналған жеңілдіктер қарастыру.
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін тарифті төмендету мәселесін қарастыру.
Екі апта ішінде Орал қаласының әкімдігі осы ұсыныстарды қарайтын болады. Шешімді қараша айының ортасында Орал қаласы мәслихатының сессиясында жариялайды. Егер осы санаттар бойынша жеңілдіктер мақұлданған жағдайда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
Сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері жиында әдістеме негізінде қоғамдық көлік құнының есебін, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарының жұмыс актілерін және субсидиялардың мөлшерін сұратты. Тиісті мәліметтер әзірленіп, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын болады.