Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары құрылыс маусымының аяқталып қалғанын алға тартып, мердігер мекемелерге биылға жоспарланған жұмыстарды пысықтауды тапсырды. Ол барлық мердігерге қойылатын басты талап – құрылыс кестесінің мерзімін бұзбай, сапасын назарда ұстау екендігін баса айтты. Бұл тұрғыда жауаптыларға жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті.