Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
2023 жылдың 5-8 қазан күндері Орал қаласындағы №3 кәріз сорғы станциясын қайта жаңғыртуға байланысты Абай даңғылындағы №60 үйден Құрманғазы көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесі уақытша жабылады.
Көлік қозғалысы Ықсанов көшесі бойынша жүзеге асырылатын болады.