Орал қаласындағы 17 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Орал қаласындағы 17 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Жаттығудың мақсаты — көпқабатты тұрғын үйлердегі өртті сөндіру тактикасын пысықтау, тұрғындар арасында жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру және нығайту болып табылады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың жоспары бойынша «101» нөмірлі пультіне кешеннің 6-қабатының бір пәтерінен өрт шыққаны жөнінде хабарлама түседі. Түтін барлық бөлмелерге тез таралып, терезелер мен балкондардан тұрғындар көмек сұрай бастады. Диспетчерлік құрам автоматты түрде шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша күштер мен құралдарды жібереді.
Келген өрт сөндіру бөлімшелері дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Тұрғындардың арасында үрейдің алдын алу шаралары қабылданып, дауыс зорайтқыш құрылғылар іске қосылды. Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің периметрін қоршап алды. Қосымша күштердің келуіне қарай өрт сөндіру автосатырлары орнатылды. Өрт сөндірушілер терезе арқылы өрт шыққан пәтерге кіріп, адамдар құтқарылды. Зардап шеккен адамдар жедел жәрдем және медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.
Жоғары қабаттардан адамдарды құтқару өте қауіпті. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша көшелердің тарлығы және жеке автокөліктердің көптігіне байланысты арнайы техниканың ғимараттарға өту қиындығының туындағанын атап өткен жөн.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: автокөліктерді арнайы орынға қалдырмай, көпқабатты үйлердің маңына тастап кету — адам өмірін сақтап қалуға кедергі келтіруі мүмкін.