Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Қадірлі оралдықтар!
Қымбатты Отан қорғаушылар!

Сіздерді азат мемлекетіміздің айбынды армиясы құрылған қастерлі мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері – Ұлы Далада салт атты әскери өркениетімен салтанат құрған айбарлы көшпелілердің заңды жалғасы және тікелей мұрагері. Қарулы Күштеріміздің әскери рухын шыңдауда және отансүйгіштікке тәрбиелеуде даңқты әскери тарихымыз бен жауынгерлік дәстүріміздің өнегесі өлшеусіз рөл атқарады.
Айбынды армия, қуатты қарулы күштеріміз – қашанда тәуелсіздіктің басты кепілі, мемлекет тұтастығының берік қорғаны. Жыл сайын Орал қаласынан 500-дей ұлан Қарулы күштер қатарына шақырылып, еліміздің мүддесі мен тыныштығын абыроймен қорғап келеді.
Қарулы күштер сапында қызмет еткен және жауынгерлік міндетін атқарып жатқан барша азаматты Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, әрдайым амандық пен бақ-береке тілеймін!