
2023 жылғы 12 қыркүйекте қала әкімі аппаратының басшысы Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е.Құлқаевпен қала бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2024 жылдан бастап бюджеттік жоспарлау мәселесін «Оrаl-365», «Е-аkimat» ақпараттық жүйелеріне енгізу бойынша құрылымдық бөлімдер басшыларымен, Зачаганск, Круглоозерное кенттерінің және Желаев ауылдық округі әкімдерімен кеңес өткізілді. Сонымен қатар атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтау мәселелері және құрылымдық бөлімдердің жұмысына қатысты басқа да жұмыс сәттері қозғалды.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау, жүзеге асырылатын функцияларға тұрақты негізде мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлықтың және Әдеп кодексінің нормаларын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.
Кездесу сұрақ-жауап форматымен жалғасты.