Отбасы – бағалы құндылықтың бірі.
Отбасы – адам баласының өсіп-өніп, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.
Отбасы күні мерекесіне орай кеше Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қаладағы үлкен әулеттердің бірі Мәтжановтар отбасын арнайы құттықтап барды.
Мәтжановтар отбасы - өңірге белгілі, көпбалалы әрі өнерлі әулет. Бір шаңырақта үш ұрпақтың өкілі тұрады. Қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ұл-қыздарына, немере-шөберелеріне тәлім-тәрбиені дәріптеп отырған жанұяның үлкендері 6 қыз, 1 ұл тәрбиелеген бақытты ата-ана.
Шаһар басшысы отбасы мүшелерін мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр, жанұяларына амандық пен бақ-береке тіледі