Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!
8 қыркүйек күні сағат 20.00-де Тұңғыш Президент алаңында «Қала күні-2023» мерекесіне орай гала-концерт өтеді.
Мерекелік концерттің дайындық жұмыстарына байланысты Қазыбек би көшесі Әбілқайыр хан даңғылынан Әйтеке би көшесіне дейінгі бөлік бүгін 00.00-ден бастап уақытша жабылады.
8 қыркүйек күні қалалық №1, №2, №22, № 4, №5 маршруттар сағат 00:00-ге дейін жүреді. Ал бұдан өзге маршруттар қала ішінде сағат 22.00-ге дейін қатынайтын болады.
Гала-концертке келушілер үшін автотұрақтар төмендегі мекенжайлар бойынша ұйымдастырылады:
1. «Теннис орталығының» алды және артында орналасқан автотұрақтар
2.Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің алдында
3.Қалалық көпбейінді аурухананың алдында
4. «Салтанат сарайының» алдында
5. «Қадыр Мырза Әлі» атындағы өнер орталығының алдында