Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Бүгін Орал қаласы әкімдігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов жиынға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.
«Конституция – егеменді еліміздің мемлекеттілігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын бірден-бір басты құжат. 2022 жылы өткен референдум бойынша Ата заңның үштен бірі қайта жазылып, 33 бапқа 56 түзету енгізілгені баршамызға мәлім. Мемлекет саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағытталып отыр. Әрқайсыңыз саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы жолында, адамдардың алаңсыз еңбек етуі үшін орасан зор еңбек сіңіріп, көздеген меже биіктерінен көрінуге атсалысып келесіз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке, жақсылық пен қуаныш тілеймін. Ортақ үйіміз – тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамып, гүлдене түсуі жолындағы қажырлы еңбегіңіз өз жемісін әкеле берсін!» — деді шаһар басшысы құттықтауында.
Салтанатты жиында құқық қорғау, прокуратура, сот жүйесі және мемлекеттік қызметте елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азамат қала әкімінің мерекелік марапатына ие болды.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.