Миханова көшесінің Құрманғалиев көшесінен Циолковский көшесіне дейінгі аралығы уақытша біржақты қозғалыс болады. Яғни, Деркөл кенті жағынан Ресей Федерациясымен шекараға қарай шығыс бағытта қозғалатын көлік Шолохов көшесінен Құрманғалиев көшесіне оң жақ бұрылыспен бұрылуы тиіс. Әрі қарай, Құрманғалиев көшесі мен Миханова көшесінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін бағдаршам объектісі уақытша орнатылады, онда көлік Құрманғалиев көшесінен Миханова көшесіне сол жақ бұрылыспен, уақытша ұйымдастырылған біржақты қозғалыспен Циолковский көшесіне дейін өтуі тиіс. Миханова көшесі мен Циолковский көшесінің қиылысына да бағдаршам объектісі уақытша орнатылады, онда көлік Миханова көшесінен солға бұрылып Циолковский көшесіне өтеді. Циолковский көшесінен көлік құралдары оң жақ бұрылыспен Шолохов көшесіне өтіп, одан әрі Шолохов көшесімен Сырым Датов көшесіне дейін жүріп, сол жақ бұрылыспен қиылыста Сырым Датов көшесімен Ресей Федерациясымен шекараға қарай кетуі тиіс. Айта кету керек, Миханова көшесінің Гастелло, Сергей Тюленин, Ульяна Громова, Орақбаев көшелерімен қиылыстарында блоктар уақытша орнатылады.
БҚО бойынша Полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметі және Мичурин ауылының әкімдігімен келісімімен, Ресей Федерациясымен шекарадан Деркөл кентіне қарай кері бағытта қозғалатын көлік құралдыраы, М-32 «Самара-Шымкент» автожолынан Мичурин ауылының Магистральная көшесіне оң жақ бұрылыспен өтуі тиіс. Онда екі жақты қозғалыс ұйымдастырылған. Бұдан әрі Магистральная көшесі мен Заводская көшесінің қиылысында бағдаршам объектісі уақытша орнатылады, онда көлік Магистральная көшесінен сол жақ бұрылыспен Заводская көшесіне, Заводская көшесі Бағбан көшесіне ауысып, біржақты қозғалысқа, Магистральная көшесінен Шолохов көшесіне дейін өтуі тиіс. Осыдан кейін көлік құралдары оң жақ бұрылыспен Шолохов көшесіне шығып, одан әрі штаттық режимде жүретін болады.