Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

 

 

2023 жылы 22 тамыз күні әкімдіктің кіші залында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағалығымен қала әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері және қалалық дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша балалардың жазғы демалысы, олардың бос уақыты және еңбекпен қамтылуы жайында Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова баяндады.

Сондай-ақ спорт алаңдарындағы спорттық жаттығу жабдықтарының жай-күйін тексеру жөніндегі мониторингтік топтың қорытындысы, «Тәуекел тобындағы» кәмелетке толмағандар балаларды әлеуметтік бейімдеу арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар қауіпсіздігі бойынша Орал қаласындағы мектептердің оқу жылына дайындығы туралы жөнінде құзырлы бөлімдердің атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Жиында комиссия төрағасы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімдерін спорт алаңдарында жарақат алу қаупі бар инвертарларды алып тастау және бақылау жүргізу, оқу жылы басталғанша мектепке жақын жолға оқушының суреті бар макеттерді орналастырып, жаяу жүргіншілер жолы бойында өскен теректерді кесуді тапсырды.

Сонымен қатар қауіпсіздік шараларына аса көңіл бөліп, мектептердің айналасындағы аумақта кәріз құбырлары, құдықтардың қақпағы (люктер) ашық қалмауын қадағалап, анықталған жағдайда уақытылы тиісті мекемелерге шұғыл хабарлауды ескертті.

Жиында жаңа оқу маусымының басталуына байланысты қаңғыбас иттер мәселелесі де талқыланды.