Қазіргі таңда жаңа технология арқылы АNT қоспасын араластыру әдісімен Б.Бисенов және Х.Дінішов көшелеріне асфальт төселуде. Жолға АNT технологиясы әдісі бойынша 25 см негізгі қоспа салынып, үстіне 6 см асфальт жабыны төселеді.
Сонымен қатар Бірлік,35 мекенжайынан Саратов тас жолы бойында орналасқан аялдамаға дейін, Жақыпов көшесіне және «Балалар ауылына» кіреберіс жолға жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары жүргізілуде.